09-04-2022
18.3 C
Шымкент

«МЕНІҢ АУЫЛЫМ» фото-байқауы өтті

Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас демекші,Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында үйірмешілер арасын туған жерінің тарихын дəріптеу жəне туған ауылын таныту мақсатында «Менің ауылым» фото-байқауы болып өтті. Байқау мекеменің Вконтакте желісінде материалдар қабылдана бастады. Байқау ережесі бойынша үйірмешілер туған ауылының тарихы мен көрнекті орындарын насихаттады. Оқушылар өз ауылын танытуда аянып қалмады. Туған жерінің патриоттары ретінде байқауға белсенді қатысты. Байқау қорытындысы бойынша төмендегі оқушыларды құттықтай отырып,табыс тілейміз:1-орын. Е.Партаев(Жамбыл атындағы мектеп-лицейі.жетекшісі Ғ.Сарыпбеков)2-орын.Е.Бекжан(Отырар атындағы жалпы орта мектебі.жетекшісі Қ.Құрмашов)3-орын. М.Салман(Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы.жетекшісі М.Омашев)Байқау жүлдегерлеріне мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл байқаудың басты мақсаты балаларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Олардың туған жерге деген құрметін үстемелеу. Бұл ретте аталған байқау өз мақсатын орындағандай да. Алдағы уақытта осы тақылеттес байқаулар көптеп ұйымдастырлыатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР