20-04-2024
19.3 C
Шымкент

Кітап мәдениетіне үлес қосқаны үшін

Оңтүстік астанамыз – Алматыдан ақжолтай хабар келді. ЭКСПО-2017 аясында Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Жазушылар одағының және Ұлттық кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп жатқан Халықаралық Биенналеде «Отырар» облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры, белгілі мәдениеттанушы, «Құрмет» орденінің, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері Күлия Смайылханқызы Айдарбекова «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапатталды. Мұндай зор марапатқа 6 адам ғана ие болды, оның ішінде Қазақстаннан жазушы Сәбит Досанов пен біздің кітапхана басшысы Күлия Смайылханқызы. Жалпы Биенналеде әлемнің 24 елінен жазушылар, журналистер, мәдениеттанушылар, кітапханашылар бас қосты. Сондай-ақ, БҰҰ, ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, т.б. халықаралық ұйымдар өкілдері қатысуда. Күлия Смайылханқызын халықаралық басқосу төрінен көрініп, еңбегінің еленуі облыс үшін үлкен мәртебе. Жөні бөлек, жосығы ерек бұл марапаттың!!! Кітап мәдениетіне аянбай қызмет еткені үшін берілген марапаттың мәртебесі биік. Көптеген игі шаралардың ұйытқысы болып отырған Отырар әмбебап кітапханасының атқарып отырған шаруасы көп.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР