23-04-2024
26.3 C
Шымкент

Қоқыс өңдейтін зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп тұр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласы күн санап, ажарына әр де қосуда. Халықтың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауда белсенділігі артып келеді. Оның үстіне қала аумағында қазір қажетсіз қоқыстарды қайта өңдеп, кәдеге жарататын зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Мекеменің арнайы жүк көліктері ауыл-аймақтардағы қоқыстарды өздері жинап әкетеді. Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанына 2 жыл болды. Осы уақыт аралығында тұрғындардың қажетсіз бұйымдарын кәдеге жаратып, қоқысты қайта өңдеуде. Шыны ыдыстар мен түрлі сусындардан босаған бөтелкелерді азаматтардың өздері әкеліп өткізіп жатыр. Зауыт қажетті техникалармен және станоктармен толық қамтылған. Десе де Түркістан аумағын 100 пайыз қамту үшін аппараттардың жеткіліксіздігі байқалады. Сондықтан да сала мамандары кәсіпорын ауқымын кеңейтіп, еңбек күшін арттыруды көздейді. «Бұл мақсатқа несие алсақ», — дейді. Түркістан – киелі мекен. Оңтүстік өңірдегі туристік тартымдылығы жоғары қала. Мұнда жылына 500 мыңға дейін турист келеді. Сондықтан да рухани астананың тазалығы — жергілікті билік үшін бірінші кезекте.Аталған зауыт басшылығының алға қойған жоспарлары да ауқымды. Мемлекеттік қолдау арқасында бір реттік заттарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуды көздейді.  Жоба 100 пайыз іске асса, түркістандықтардың көше бойын жайлаған қоқыстардан арылары анық.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР