02-09-2021
23.3 C
Шымкент

Мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану

«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт аудандық филиалы, Жастар ресурстык орталығы Коммуналдық мемлекттік мекемесімен  бірлесіп, Шарбұлақ ауылында «Болашақ-жастардың қолында» тақырыбы аясында семинар тренинг өткізді. Семинар тренингте Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі тетігі болып табылатын «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ЖШС-нің кәсіпкерлерге көрсететін қызметтері туралы кеңінен түсіндірілді.  Сонымен қатар өндірістік кооперативтерді құру, мемлекеттік қолдаулар туралы семинарда айтылып жастардың қызығушылығына ие болды 07-08 маусым күндері «Ontustik» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Қазығұрт аудандық филиалында «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында 2 күндік тақырыптық тренингі бойынша оқудан өтті, тренингте өндірістік кооперативтердің құрылу мақсаты, жеңілдетілген несие алу жолдары, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану тетіктері жөнінде кеңінен айтылды. Соңында кәсіпкерлерге сертификаттар табысталды. Алдағы уақытта болашақ кәсіпкерлер үшін берері мол мұндай кездесуер әрдайым ұйымдастырылып тұратын болады. Оның өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге берері мол әрине.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР