23-04-2024
21.3 C
Шымкент

Тыныштық күзетінде

1992 жылғы маусымның 23-інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заңын қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылғы маусымның 5-інде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін Полиция күні деп бекітті. Содан бері маусымның 23-і Қазақстан полициясы күні ретінде атап өтіліп келеді. 25 жыл бойы полиция еліміздегі тыныштық пен тәуелсіздікті сақтау жолында талмай еңбек етуде. 2016 жылдан бастап ОҚО Сайрам ауданын да жергілікті полиция қызметі құрылып, бүгінде полиция полковнигі С.Ботабеков басшылық ететін аудандық жергілікті полицияның қызмет-керлері қоғамдық тәртіпті сақтауда ҚР заңнамаларының шеңберінде өз міндеттерін атқарып келеді.Ауданымызда жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық тәртіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақсукент орталығында тәулік бойы жұмыс істейтін 23 бейнебақылау камерасы орнатылып іске қосылды, қазіргі уақытта ол өз нәтижесін берді, жол жүру қағидалары сақталып, ретке келгендігі туралы халық ризашылығын білдіруде және алдағы уақытта басқа ауылдарға, қоғамдық демалыс орындарына бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр.
Аудан аумағында 15 учаскелік тірек пункті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында жұмыс атқарып жатыр. Аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері арқасында 2016 жылы ауданда үлкен қоғамдық резонанс тудырған бірнеше қылмыстың беті ашылды.  Аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің өткен жылы атқарған жұмыстары бойынша халық алдындағы есебі тыңдалды және осы күнде өзіне бекітілген учаскелік тірек пунктерінде азаматтардың құқықтарын қорғауда және қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарған учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры С.Рустемов, полиция подполковнигі Б.Оразбаев, полиция майоры С.Есімбеков пен полиция капитаны А.Ақмырзалардың есімдерін айрықша атап өтуге болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР