16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Білікті маман — болашақ кепілі

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданында  мемлекеттік қызметкерлердің иммиджін көтеру, мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.  Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында «Отанды сүю имандылықтан» тақырыбындағы психологиялық құқықтық көшпелі керуені бүгін Сайрам ауданының мемлекеттік қызметкерлерімен арнайы кездесіп, семинар тренинг өткізді.Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің этикалық және имидждік жағынан өзін ұстай білу, мәдениеттілікті сақтай алу, мемлекеттік қызметтің басты салаларының әрекеттерін бағалауды үйрету, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы саясатын және заңнамасын талдау, жұмыс жағдайында кездесетін кикілжің мен шиеленістердің алдын-алу мен шешудегі этикаға арналған мәселелер қаралды. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша ауданның мемлекеттік қызметшілері семинар тренингке белсене қатысып отыра, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, дәл осындай іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылуы қажет екенін атады. Әрине мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру қай уақытта да назардан тыс қалған емес. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР