18-04-2024
16.3 C
Шымкент

Денсаулық сақшылары…

2017 жылғы 15 маусым күні ауданымызда кәсіби Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтті. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданның өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, ауданда орналасқан 4 аурухана, 4 емхана, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (CЭС), аудандық медициналық колледж қызметкерлерін аудан әкімінің, аудандық мәслихат хатшысының, аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасарының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің, облыстық Қ.Жандарбеков атындағы драма театр атынан арнайы алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыстап, ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесімен құттықтап өтті.Медицина қызметкерлерін осы саланың ардагері Ағман Сабырханов, орталық емхананың бас дәрігері Б.Көшекеева, Мырзакент ауруханасының бас дәрігері А.Егембердиев, Асықата ауруханасының бас дәрігері Б.Өтеулиева құттықтап ақ тілектерін арнады.Денсаулық — адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілеп тарқасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР