04-09-2021
27.3 C
Шымкент

Тарихи құндылықтармен танысты

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазастан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Туған жер» бағдарламасы аясында еліміздің тарихын,патриотизмді, отансүйгіштікті,  ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлығымызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында облысымыздағы орта білім беру ұяларымен тығыз жұмыс жүргізуде, Физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Кентау қаласындағы №9,23 мектептер мен қаламыздағы балабақша бүлдіршіндері музейге келіп, өлке тарихынан сыр шертетін тарихи құндылықтарымызбен танысып, музей экспозициясын тамашалап, өз алғыстарын білдірді. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 2017 жылдың 15 маусымында «Аржан» қоғамдық қоры мен Ə.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тұңғыш рет интерактивтік көрменің ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара бағдарламасында мүгедектігі бар жанға арналған баральефті жұмыстар мен зағип азаматтарға туындыны сезіну үшін аудио дыбыстың көмегімен түсіндіру жұмыстары жөнінде мағлұматтар айтылды. Сонымен қатар зағип жандар үшін заманауи құрылғылармен жұмыс жасау мүмкіндігі көрсетілді. Браил қарпімен жазылған кітаптармен танысып, жасалу жолдарымен танысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР