20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Білімі мен білігі жарасқан…

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Мәдени жалпы орта мектебінде жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың белең алуына және де әлеуметтік желілердің өскелең ұрпаққа тигізіп жатқан пайдасы мен зияны туралы пікір талас ойыны ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ, жастарды жат әдеттен аулақ болумен қатар өз елінің патриоты болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.  Сайысқа түскен «Қыран» тобы мен «Бірлік» тобы қатысып, тақырыпты кеңінен тарқатып, ойын барысын әсерлей түсті. Олар өз білімдерін жан жақты сарапқа салып, логикалық сұрақтарға жауап берді. Туған жер туралы білім білігін жан жақты көрсете білді. Олар мектепте алған білімдерінен бөлек жан жақты ізденіп, білім көкжиегін кеңейтуді мақсат тұтқандарын байқатты. Алдағы уақытта мұндай іс шаралар ұйымдастырылса бас бәйгені қанжығаларына байлайтындарын байқатты. Жалпы іс-шараға аудандық «Нұр» мешітінің найб имамы Ә.Бекмұратов, аудандық емхананың психолог маманы А.Сарбасова және әлеуметтік қызметкері С.Шынар, Мәдени жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Көшербайұлы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы А.Шынтасова, қатысқан топтарға арнайы дипломдар табыстады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР