26-04-2024
15.3 C
Шымкент

«Ынтымақ» аллеясы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төле би ауданы көп ұлтты құтты мекен саналады. Мұнда түрлі этнос өкілдері тату тәтті ғұмыр кешуде. Ұлы Отан соғысы жылдары жер аударылып келген шешен, татар, ингуш, қарашай, түрік, әзірбайжан ұлтының өкілдері бір үйдің баласындай, алқа тонның жағасындай бірлік пен ынтымақты ту етіп ғұмыр кешуде. Жуырда Төлеби ауданы әкімі Бухарбай Рысқұлұлы Парманов Сұлтан-Рабат жалпы орта мектебінің бітіруші түлектерінің салтанатты жиынынға қатысып, жас өспірім балаларды, мектеп ұжымын, ата- аналарды жəне жиын қонақтарын құттықтаған болатын. «Болашақ жастардың қолында, біз жастарға сенеміз. Олар жоғары білім алып, өз еліне адал қызмет етіп, өз елінің патриоты болатынына сеніміміз кәміл. Бүгінгі ұлан ертеңгі болашағымыздың тірегі. Сондықтан да олар білімді де білікті болып, отанына адал қызмет ететін болады» — деп, бітіруші түлектерге биіктерден көрінуіне сенім артты. Аудан әкімінің ақ жолтай тілегі мектеп түлектерін қанаттандырғаны сөзсіз. Бұдан кейін  Сұлтан- Рабат елдімекенінде мектеп жанынан «Ынтымақ» аллеясы аудан әкімі Бухарбай Рысқұлұлы Пармановтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Бұл аудандағы ұлттар татулығына арналған арнайы аллея болмақ. Төлеби ауданының халқы аудан əкімінің жұмысына ризашылығын білдіріп, баталарын беріп, алғыстарын жаудырып жатты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР