18-04-2024
23.3 C
Шымкент

«Арыстанбаб» кітапханасы — қайта оралған қазына

«Арыстанбаб» кітапханасы 100 жылдан соң тарихи орнына қайта оралды. Бүгін ОҚО –ы Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Арыстанбаб кітапханасы-қайта оралған қазына» атты көрме қойылып, ашылуы өткізілді. Көрмеге 60-тан астам өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін Арыстанбаб кесенесінде болған кітапхананың қорындағы қолжазба, кітаптар қойылды. Іс-шара әруақтарға құран бағыштаудан басталды. Алғашқы сөзді Отырар ауданы әкімінің орынбасары Жаппарқұлов Пердехан Абайұлы алып, көрменің мән, мақсатына тоқталды. Халық ақыны Ә.Қалыбекова,Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ғалымы, тарих ғылымдарының кандидаты,теолог З.Жандарбек, Арыстанбаб кітапханасының бір парасын сақтап қалушылар Ә.Оңғарбайұлы мен Қ.Мүсәпірұлының ұрпақтары, жәдігерлерді музей қорына қабылдап, сақтаған А.Жұмашев, музей ардагері Н.Алдабергеновтар өздернің келелі пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті. Өз кезегінде теолог-ғалым З.Жандарбек «Қазіргі басқа ағымдардың жан-жақтан келуі, ислам дінінің бұрмаланып түсіндірілуі қауіпті жағдай екенін, нағыз ислам дінінің мәні осы кітаптарда жатқанын, бұл кітаптарды аударып, ел игілігіне айналдыру өте үлкен құптарлық іс болатынын»-жеткізді. Көрменің мақсаты: 1930 жылдарға дейін Арыстанбаб кесенесінде болған мұсылман кітапханасының бір бөлігі саналатын 60-тан аса кітаптарды тарихи орнына орналастырып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында туристерге, бүкіл елге насихаттау. «Арыстанбаб» кітапханасы ХХ ғасырдың 30-жылдары «қызылдардың қырғыны» кезінде «пролетарлық атеизм» әсерінен аяусыз талқандалған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР