test
14-07-2024
25.3 C
Шымкент

Ғалыммен кездесу өтті

Қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, академик, мемлекеттік сыйлықтың иегері Оразалы Сәбденұлының 70 жасқа толуына орай ОҚО Түлкібас ауданы, М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында «Абай, Қазақстанның рухани жаңғыруы және әлемдік цивилизация» атты конференция болып өтті. Конференцияны жазушы, журналист «Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт жүргізіп, отырды. Конференция ғалым Оразалы Сәбденұлы өзінің ғылыми еңбектері мен жақында Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген әлемнің ең үздік оқу ордасы Кембридж университетінде тұсаукесері өткен «ХХI ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы және азық-түлік қауіпсіздігі» атты монографиясы және 3 тілде жарық көрген «Абай, Қазақстанның болашағы және әлемдік цивилизация» еңбектері туралы және оларға жоғары ғылыми баға берілгені айтып өтті. Кездесу барысында ғалым жастарды отанын сүюге, өз елнің патриоты болуға шақырды. Кездесуде әріптестері ғалым жайлы пікірлер айтып, жастар түрлі саулардар берді. Конференцияны аудан басшысы Н.Ә.Тұрашбеков қортындылап, ғалымға ел игілігі жолындағы еңбегіңіз иеленіп, халықтың ыстық ықыласына бөлене беруіңізге тілек білдіріп, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР