16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Кәсіптің көзін тапқан

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «халықтың әл-ауқатын жақсартудың бір жолы-кәсіпкерлікті дамыту» деп атап көрсеткеніндей ауданымызда кәсібін ашып, істерін ұршықша иіріп отырған отбасылар аз емес. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, қаржылай несиелік қолдау көрсетіліп келеді. Осы жобалардың арқасында кәсіпкерлік саласын дамытып, өз нәпақасын тауып отырғандардың бірі ОҚО Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы Беркінбаевтар от­­басы.  Осыдан бірер жыл бұрын аудандық ішкі істер бөлімінен зейнет­­керлікке шыққан Әшірхан Беркінбаев жұбайы Шолпан Оспанова екеуі ақылдаса келе мал шаруашылығын дамыту жолында нәтижелі жұмысты қолға алуды жоспарлайды. Ш.Оспанова аудандық кәсіп­­кер­­лік мектебінде жеделдетілген даярлықтан өтіп, кәсіпкерлік негіздері бойынша сертификатқа ие болды. 2015 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 3 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, ірі қара мал, оның ішінде сиыр алып, кәсіпті бастап кетті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиыр­­маға жуық асыл тұқымды, етті және сүтті сиыр әкеліп, әсіресе «Шве­­д­­ский» деп аталатын асыл тұқымды сиыр түрін көбейтті. Қай жерде болмасын асыл тұқымды сиырлар жақсы күтімді қажет ететіні сөзсіз. Әрқайсысы күніне 6 кг. жем жейтін сиырларды жұбайы екеуі бір-біріне қолғабыс болып, сол ірі қараның санын көбейтуді басты мақсат етіп қойды. Күн-түн демей демалыссыз жұмыс атқарып, ірі қараларды күтіп бақты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР