16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Медицина қызметкерлері марапатталды

Гиппократ антын өмірлік қағида деп қабылдаған ОҚО Бәйдібек ауданының дәрігерлері төл мерекелерін атап өтті. Салтанатты шарада қызметте алдыңғы қатардан көрінген үздік мамандар марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрғали Айтбеков жергілікті медицина қызметкерлерін ауданның әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде халыққа заманға сай қолжетімді әрі сапалы медицналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Бұл даму үдерісінде дәрігерлердің үлесі орасан зор, — дейді аудандық емхананың бас дәрігері.Есмахан Тұрабеков – Бәйдібек аудандық емханасының бас дәрігері  «Аудан халқына медициналық қызмет көрсету барысында осы аудандық медицина бірлестігіне 2 жедел жәрдем автокөлігін және аурухананың бас дәрігеріне жеңіл автокөлік сыйлап отыр. Біз облыстық денсаулық сақтау басқармасына үлкен рахметімізді айтамыз. Дәрігер есебінде шын көңілмен халыққа қызмет етеміз деп ел алдында уәде береміз».Аудан көлемінде 49 елдімекен бар. Мұнда медициналық мекемелерде 800-ге жуық дәрігер қызмет етеді. Кәсіби мерекеге орай аудан халқына емдеу-профилактикалық көмек көрсетуде ел алғысына бөленгендер марапатталды. Гүлдария Шардарбекова – Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері «Мен сіздерге тілейтінім де қоятын талабым да – өз қызметімізге адал болайық! Ақ халаттарымызды кір шалмасын. Алдымызға келген науқастар күліп шықсын. Бізде басқа міндет жоқ. Басты міндет – тек  адал қызмет жасау».Салтанатты шара соңында мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Мазмұнды жиында ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­лері өздерінің қиын да жа­у­ап­ты еңбек­терін бағалаған билік өкілдеріне ри­за­шы­лықта­рын білдірді.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР