25-04-2024
17.3 C
Шымкент

Дарынды оқушыларға құрмет көрсетілді

Оқу жылы аяқталып, оқушылардың білімін сынайтын кез де келіп жетті. Биылғы бағдарлама бойынша түлектер алдымен, мектепте емтихан тапсырады. Соның нәтижесінде «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иелері анықталады. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданында жас түлектердің мектеппен қоштасу кеші ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы оларға ақ жол тіледі. Білім мен арман қуған түлектерді енді Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Шардарада биыл 1008 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты.  Оның  776-сы   ҰБТ сынағын тапсыруға өтініш білдірген. Бүгінгі таңда мектеп бітірушілер ішінен 46 оқушы «Алтын белгі», 23 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Сөйтіп, ұстаздар мен ата-ана сенімі ақталды. Озаттардың еңбегі ескерілді. Лайықты марапатқа ие болды. Дегенмен, мұндай  жетістікке жету бір күннің немесе бір жылдың еңбегі емес. Он бір жыл бойына барлық пәнді үздік оқып, өз қатарластарынан оқ бойы озып шығу қажымас қайратты талап етті. Ұстаздар мен ата-ана үмітін ақтағандар жеткен жетістікпен тоқтап қалмайтыны анық. Өскелең жас ұрпақты болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – мұғалім мен  қоғамның міндеті. Шардаралық  ұстаздар өз шәкірттерінің еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосатынына сенімді.

НҰРМАХАН Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР