15-04-2024
13.3 C
Шымкент

Патриоттық тәрбие бастауы

Кітапхана — үлкен тәрбие мектебі. Елдікті бекемдеу, ширек ғасырлық шежірені түгендеу, жалпы, рухани жаңғыру тұсында бұл орынға да ерекше ілтипат көрсету — маңызды. Әсіресе жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, отансүйгіштікке үндеуде басты роль атқарады. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібаста аудандық кітапханалар тыныс-тіршілігіне шолу жасалды. Сонымен, ауыл мәдениетінің бір кейпі қандай? Кітап — алтын қазына. Түлкібас ауданында сол алтын қазынаны сақтайтын 26 кітапхана   тұрғындардың ақпараттық мүмкіндіктерін ашуда. Биылғы санаққа сүйенсек,  қазақ руханиятының кені  – аудандық кітапханаларда  25 мың озық ойлы оқырман тіркелген.Бұл өткен жылмен салыстырғанда,   келушілердің  едәуір артқанын көрсетеді. Сонымен қатар, заман талабына сай ауданда 10 кітапхана 2013 жылдан бері компьютерлермен жабдықталған. Интернет желісіне қосылған. Осы орайда мұнда еліміздің жоғары ай-ти технологияларға көшу міндеттері жиі қаузалады. Өзекті мәселелерді қозғайтын семинар жиындар, зерделі кеңес-тренингтер, білім жетілдіру курстары да жыл санап қоғам сұранысына ие болуда. Бұл мәдениет ошақтары үшін  рухани жаңғыру тұсында артылар жүк салмақты.Ақын-жазушылармен кездесу, туған жер жанашырларын ұлықтау, озат оқырманды әспеттеу ел өркениеті мен мәдениетін жоғары сатыға көтермек. Бұл жұмыста кітапханың қызмет сапасын көтеру, оқырман санын арттыру, кітап қорын жаңа басылымдармен толықтыру да назардан тыс қалмақ емес.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР