16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Көшбасшы партия құрамы толықты

Бұл жолы «Нұр Отан» қатарына Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты түлкібастық мұғалімдер өтті. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары арқасында әлеуетін нықтаған әлеумет билік партиясына сенім артуға болады, -дейді. Өйткені, «Нұр Отанның» халықтық тұғырнамасы — өздеріне жәрдемші. Қазақстан Президентінің стратегиялық бастамаларына — негізгі тірек. Биылғы оқу жылында ашылған «Жанкент» жалпы орта мектебінің ұжымы өздерінің белсенді, әрі қоғам өміріне бейжай қарай алмайтындарын танытты. Мектептің 56 мұғалімі мен қызметкері «Нұр Отан» партиясына мүше болды. Оларға негізгі куәліктерін салтанатты жағдайда партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов табыс етті. Салтанатты шара ұстаздардың тілегімен мән маңызын арттырды. Патриоттық әндер шырқалған концерттік бағдарламаға ұласты. Шарада партияның ең үлкен жетістігі деп, Елбасының жетекшілігімен халықты бір мақсат жолына біріктірген идеялар насихатталды.  Көшбасшы партия қатарына өткендердің көбісі — жас маман иелері, жаңадан еңбек жолын бастаған педагогтар. Енді олар да «Нұр Отанның» өркендеуіне одан әрі үлестерін қоспақ.

АРАЙЛЫМ Байзахова          

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР