16-04-2024
17.3 C
Шымкент

ОҚО-да «Өлкетану» жастар жобасы бастау алды

Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлерін жастар арасында таныту және туристік қызметті пайдаланудың мәдениетін жоғарылату мақсатында облыста «Өлкетану» атты жастар жобасы бастау алды.Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Шымкенттегі «Ontustik Tourism Center» туристік ақпарат орталығында Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік, индустриялды инновациялық даму және туризм басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Аталмыш жобаға әр демалыс күндері 14-29 аралығындағы жастар қатыса алады. Қос тарап, меморандум аясында жастарға арналған туристтік бағыттарды әзірлейді және туристтерге қызмет көрсетуге арналған тиісті кадрларды оқытады. Сонымен қатар, туристтік қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату үшін жаппай танымдық іс-шаралар ұйымдастыру сынды жұмыстарды жүргізеді. Бұл жобаның жастар үшін берері мол. Өз туған өлкесінің табиғатын танытуға үлкен мүмкіндік тумақ. Ауқымды жобаның алда атқарар шаруасы да қомақты. Табиғаты тамаша өлкемізге туристер тартудың мүмкіндіктері мол. Тек сол тетікті пайдалана білу ғана қажет. Бұл бағытта аталған жоба үлкен мүмкіндіктерді іске асырары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР