Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, Бәйдібек ауданына қарасты Ақбастау ауылында «Тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында мамандандырылған көшпелі ауыл шаруашылығы семинар-кеңесі болып өтті. ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.Қаныбековтың жетекшілігімен өткен іс-шара «23-маусым- Мемлекеттік қызметші күнін» атап өту жоспары аясында ұйымдастырылды . Жиынға ауыл шаруашылығы бақарамасының мамандары , қаржы ұйымдарының өкілдері мен облыстың барлық аудандарынан жиналған шаруалар қатысты. Семинар кеңестің практикалық бөлімі Ақбастау ауылындағы Домалақ ана кесенесі маңындағы тұт бауында өрбіді. Аталған бау өңір басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Шатқал» бағдарламасы аясында егілген. Баудың жалпы аумағы 55 гектар. Оның 30 гектарына тұт ағашы, ал 25 гектарына шырша ағашы отырғызылған. Дәл осы бауда жеке шаруа Бакиров Сұлтан жиналғандарға жібек шаруашылығының көпшілік білмейтін құпияларын айтып,өз тәжірбиесімен бөлісті. 6 жылдан бері жібек өндірісін зерттеп жүрген Бакиров Сұлтан биылдан бастап жібек құртын өсіруге кіріскен. Оның айтуынша, жібек құртынан жылына 4 мәртеге дейін жібек талғашығын алуға болады. Кәсіпкер алғашқы айналымның өзінен 110 кг жібек алуды жоспарлап отыр. Жобасы толықтай жүзеге асса, ол жылына шамамен 40-50 тоннаға дейін жібек талшығын өндіріп, 1000- нан астам жаңа жұмыс орындарын ашпақ. Жібек өндірісі — әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы ол тұт ағашы. Мамандардың есебі бойынша, 1 га тұт бауынан орташа есеппен 48 тонна жапырақ алынады. Өндіруші 1 кг жапырақты 20 теңгеден сатқанда, 1 га тұт бауынан 960 мың теңге табыс табуға болады. Ал 1 тонна жапырақ, 1 қорапшадағы 19 грамм жібек кұртын азықтандыруға жетеді. Әр қорапшадан 55 кг жібек өндіріледі. Жібектің әлемдік нарықтағы құны 1 келісіне 30-40 долларды құрайды. Жібек өнідірісі әлемде Қытай мен Жапонияда қарыштап дамыған. Ал ТМД мемлекеттері арасында Өзбекстан жібек шаруашылығын мықтап қолға алған. Келешекте табысы мол бұл саланы Оңтүстік Қазақстан облысында да дамыту жоспарлануда.
Семинар кеңестің теорлиялық бөлімі Ақбастау ауылындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жиында жібек өндірісін дамытудың мүмкіндіктері мен тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары коопертаивтерге бірігудің тиімділігіне тоқталса, қаржы ұйымдарының өкілдері несие алудың шарттарымен таныстырды. Жүйелі жұмыстардың арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 50 мыңға жуық ұсақ шаруа қожалықтарын біріктірген, 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған.