20-04-2024
24.3 C
Шымкент

Қоғам дертімен күрес

«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірлесе отырып, мемлекеттік органдар арасында «Парасыз болашаққа бірге!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жүйелі жолға қойылуы бойынша аймақтық конкурсын жариялаған болатын. Конкурсқа аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Ішкі Саясат бөлімі, Жабағылы, Кемербастау, Арыс, Келтемашат, Мичурин, Машат, Ақбиік ауылдық округтерінің және Майлыкент және Састөбе поселке округтері әкімшіліктері, сонымен қатар, Түлкібас Агробизнес және Саяхат колледжі қатысты. Конкурстық материалдарды саралай келе, олардың ішінен үздік шыққан үшеуін облыстық деңгейдегі додаға жолдау келісілді. «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кеңесшісі– Қуанышбеков Бахытжан Шераханұлы, «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Түлкібас аудандық мәслихатының депутаты- Қынтаев Сахитжан Жақсымбетұлы, Түлкібас аудандық мәслихатының депутаты,–Айдарбеков Асқар Талғатбекұлы, Түлкібас ауданы әкімдігінің «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы– Арыспай Айтаманов сынды азаматтардан құралған қазылар алқасы материалдарды іріктей келе жеңімпаздар бойынша өз шешімін шығарды. Аталған конкурстың Түлкібас ауданда өткізілуінің қорытындысы бойынша: 1 (бірінші) орынды Түлкібас Агробизнес және Саяхат колледжі, 2 (екінші) орынды Түлкібас ауданы әкімдігінің Мәдениет және Тілдерді дамыту бөліміне, 3 (үшінші) орынды Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округі әкімшілігіне беру туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік органдар арасында «Парасыз болашаққа бірге!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жүйелі жолға қойылу бойынша ұйымдастырылып отырған конкурқа қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз.

«Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР