15-04-2024
13.3 C
Шымкент

Мәдениет — халықтың рухани жан азығы

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі мен білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Таңшолпан» бөбекжайында «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты аудандық байқауы өткізілді. Іс-шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жас бүлдіршіндерді ынталандыру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Балалар байқауда Отан, туған жер, отансүйгіштік туралы өлеңдер оқып, ән мен жырдан шашу шашты. Отан туралы түрі сұрақтарға жауап берді. Өз білімдерін сарапқа салды. Барынша байқаудың қызықты өтуіне атсалысты. Үміткерлердің өзіндік ерекшеліктерін, білімділігін, тапқырлығын, белсенділігін бағалап, сарапқа салған қазылар алқасының шешімі бойынша І орын «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Нурлибаева Аружан Қуанышбекқызы, ІІ орын «Астана» балабақшасының тәрбиеленушісі Сағымбек Абзал Құралбекұлы, ІІІ орын «Сауыткүл апа» балабақшасының тәрбиеленушісі Нұрланқызы Айаруға бұйырды.  Байқауға қатысушылар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің арнайы сыйлықтары, дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды. Балаларды Отанды сүюге баулы, олардың бойында патриоттық сезімді дамыту мақсатында мұндай байқаулар алдағы уақытта да көптеп ұйымдастырлатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР