04-09-2021
31.3 C
Шымкент

Семинар-кеңес өтті

Жақында облыс әкімінің кеңесшісі-ОҚО бойынша жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішов Оңтүстік қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің қатысуында семинар кеңес өткізді. Шарада уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтарының профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырумен қатар өз функциялары шегінде мемқызметшілер мен азаматтарға консультация берді. Семинар кеңестің соңында мекеме басшылары мен мамандар арасында сауалнама жүргізілді.  Одан кейін аудан орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жуырда аудан әкімдігі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Оған аудан бойынша барлық ауыл әкімдіктері мен бөлімшелердегі он бос орындар көрсетілді. Аталған жәрмеңкеге ауыл округтерінің бәрінен жоғары білімді жұмыссыз жастар қатысты.Жұмыс іздеген жастарға жәрмеңке өткізудің мақсаты мен міндетін және бұған келіп қатысушыларға қойылатын талаптар туралы аудан әкімдігі аппарат басшысы Б.Жанғазиев кеңінен мағлұмат берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР