18-04-2024
23.3 C
Шымкент

Сазан балығын тұтынатын күнде жақын

2014 жылы наурыздың жетінші жұлдызы күні Созақта алғаш рет Жартытөбе ауыл әкімдігіне қарасты Бабата ауылындағы «Бабата» су қоймасына алғаш рет балық шабақтары жіберіліпті. Бұл игі бастаманы қолға алған «Kaz.Cold.Fish» ЖШС-гі мен Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің «2015-2016 жылдарға арналған облыста балық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы негізінде «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы болатын. Облыстық бюджеттен жалпы балық шаруашылығын дамытуға 400 млн теңге қаралған. Жағымды шараның басында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, агроөнеркәсіп кешенді департаменті, «Kaz.Cold.Fish» ЖШС және Созақ аудандық кәсіпкерлік палатасы болды.  -Бұл бастаманы 2013 жылы қолға алған болатынбыз. Алдымен облыстық су шаруашылығы басқармасымен келісім шартқа отырдық. Одан кейін Тараз қаласындағы балық шаруашылығымен айналысатын питомниктермен байланысып, әр данасына 50 теңгеден төлеп 100 мың бас тұқы тұқымдас шабақ әкелініп алғаш суға жібердік. Күзде алғаш жемісін береді. Мемлекеттен әлі жәрдем алған жоқпын. Бүгін «Максимумның» өкілі келіп, менің балық шабақтарын тоғанға жібергенімді өз көзімен көрді. Енді қаржысын бөлуге жұмыс жасайды деп отырмын. Ертең күзгі уақытта шабақтар өсіп, жетіліп бір келіге жуық салмақ қосады. Арнайы ихтиолог мамандар да бар. Жұмыс басталған соң осы төңіректегі ауылдардан 15-ке жуық жұмыскерлер аламыз. Алдағы кезде балық өнімдерін ұқсататын цехтар ашып,консервілеп шет мемлекетке, өзіміздегі базарларға, сауда нүктелеріне шығаратын боламыз,-дейді шаруашылық басшысы С.Қазақбаев сөз берген екен.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР