16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Көпке үлгі Күмісбек

ОҚО Созақ ауданы жұртшылығы түгелге жуық Күмісбекті таниды. Әрі құрмет тұтып сыйлайды. Жұмысына тиянақты, артық ауыз сөзі, теріс қылығы жоқ азаматты әрине бәрі үлгі тұтары анық. Ол аудандық ішкі істер бөлімінде ұзақ жылдардан бері жергілікті халықтың тыныштығы үшін қалтқысыз еңбек етіп келеді. Қатардағы милиция қызметкерінен бүгінде аудандық ішкі істер бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары қызметіне дейін өзінің адал еңбегі мен елге еткен риясыз істерінің арқасында осындай құрметке жетіп отырған жан. Полиция майоры Күмісбек Қасымбекұлы құқық қызметіндегі мінсіз абыройлы қызметі үшін облыстық департамент, ішкі істер министрлігі тарапынан алғыстар мен мақтау қағаздарын, наградар иеленіп жүрген майталман маман. Күмісбектің кейінгі жас кадрларға үйретер тағылымды тәрбиесі де мол.Полиция майоры Күмісбек Қасымбекұлы отбасында жұбайы Зәуре екеуі алты ұл мен қыз тәрбиелеп келеді. Үлкен ұлдары бүгінгі таңда жоғары оқу орнында оқиды. Жұбайы Зәуре жеке кәсіпкерлік қызмет атқарады. Үлкен ұлы Нұрдәулет ата жолын ұстап бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Академиясынының 2 курс студенті. Болашақта қылмысты іздестіру мамандығы бойынша білім алуда. Кешегі елге сыйлы, милиция ардагері, қазақ ұлттық ат спортының жанашыры, елдің ардақты перзенті Қамшыбеков Қасымбектей ағамыздың ардақты ошағын өшірмей, салалы сара жолын таңдаған Күмісбектің көпке үлгі болар ісі көп.
Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР