04-04-2022
14.3 C
Шымкент

Мәңгілік елдің мерейлі нышандары

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Ұлтымыздың бірегей нышандары Көк туымыз, Елтаңбамыз, Ән ұранымыз әлем төрінен ойып тұрып айшықты орын алды. Басқа мемлекеттердің нышандарын да құрметтейміз. Бірақ біздің нышандарымыз өзгеше реңк беріп тұр.Қайталанбас көрік тартады. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Мемлекеттің рәміздері тәуелсіздік ұғымына саятын халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы — халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам болса, ұлттық нышандарымыз елімізді әлемге танытар, өз ұлтымыздың рухани коды деп білеміз. Біз Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндеттіміз. Кейінгі ұрпақ өз мемлекетінің айшықты таңбаларын қадірлей білуі үшін ұдайы ақпараттық, тәрбиелік насихаттар жүріп тұруы керек деп ойлаймын. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Ал идеяны жүзеге асыруда ұлттық рәміздеріміздің алар оны ерекше екені анық.

М.Табысханина,
Созақ аудандық Әділет басқармасының
инспектор- іс жүргізушісі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР