05-09-2021
29.3 C
Шымкент

Патриоттық форум өтті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауылдық мәдениет үйінде «Менің Қазақстаным» атты патриоттық форум болды.Форум мемлекеттік Әнұран орындаумен басталды. Мерекелік шараны Созақ ауылдық округінің әкімі Б.Әметов жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі «Менің Қазақстаным» патриоттық форумында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сатыбалды хабарлама жасады.Хабарлама тыңдалып болғаннан кейін Созақ ауданының Құрметті азаматы М.Асқаров, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Е.Кенжеқараев, Сызған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шоңбаев, «Суындық» жалпы орта мектебінің мұғалімі Н.Сейтмаханұлы, ауыл тұрғыны Абақ, зейнеткер ұстаз, С.Наурызбаев сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт-дәстүрін, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігіне тоқталды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін, өз елінің патриоты болуға үндейтін мұндай форумдардың берері көп әрине. Шараға қатысқа жастар аталған форумнан үлкен әсермен қайтты. Форумға қатысушылар Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухатандырып тұрады деген оймен тарасты.
«Созақ үні»-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР