21-09-2021
22.3 C
Шымкент

Көрмеге тарту жасауда

«ЭКСПО-2017» көрмесінің «Жасыл желек» бағдарламасына шалғайда жатса да өзіндік үлес қосып, жасыл желекті жайқалтқан ОҚО Созақ ауданындағы Құмкент ауыл округіне қарасты «Қайрат» балабақшасының игі ісі көпке үлгі боларлықтай. Білім ұясына кіре берістен-ақ рет-ретімен егілген тал-теректер көздің жауын алады. Балабақша меңгерушісі Құлжабайқызы Нұржамал Төлеуова жасалып жатқан жұмыстанын аралатып, көрсетіп келеді. Балабақша ауласына енгеннен бастап гүлзар баққа еніп кеткендей сезімге бөлендік. Сол қапталда жағалай рет-ретімен алма талдары орын тепкен. Жеміс ағаштарын еккен тәрбиеленушілердің аты-жөндері тақтайшаға ілініп, қойылыпты, талдардың бойы биік. Алма самсап салып тұр. Осы төңірек бауға айналып үлгеріпті. Одан әрменірек қаз-қатар егілген теректердің бойы биіктеп үлгеріпті. Арасына кірсеңіз орманға кіргендей әсерге бөленесің. -Тал көшеттері жас бала сияқты. Алғашқы күндерден күтім мен баптау қажет,-дейді Нүрекең бізге әңгіме арасында. Егілген сәттен көп суды керек етеді.
Бағбандарымыз суды үзген емес. Соның арқасында олар тез көктеп, бойларын түзеді. Қазір енді бой берер түрі жоқ.Түп-түзу өскен теректер көздің жауын алады.Ал балабақшаға кіре берістен бастырма жасалып, ол жүзім бұтақтарымен көмкерілген. Одан берменірек Қызылкөлдің нұсқасы жасалған алаңша. Кішкентай көлшікте балықтар жүзіп жүр. Шошақ төбе, Қызыл сеңгір сұлбасы жасалыпты. Үшбас өзені де бой көрсетеді. Кіп-кішкентай балаларға туған жердің саяхаттағандай әсер береді екен. Балабақшаның оң қапталына қызанақ, қияр, тәтті бұрыш, картоп егіліпті. Бәрі жайқалып өсіп тұр. Кешкі салқынмен бағбандар түптерін қопсытуда.
-Алынған өнімді балабақшаның шаруашылығына пайдаланамыз. Піскен кезде сырттан көкөніс сатып алмаймыз. Балаларға дәрумен ретінде ұсынамыз. Айтпақшы, балабақшаның кіре берісіндегі оң қапталға киіз үй тігілген. Үйдің іші құрал-жабдықтарымен әсем етіп жабдықталған. Төңірегінде балалар алаңсыз ойынға берілген. Ойын алаңда да балалардың талғамына сай жасалған. Асықтың макеті, үй жануарларының мсүсіндері талапқа сай жасалып қойылған. Одан төменірек төбесі профнастилмен жабылған, жағалауы талмен көмкерілген алаңша да балаларға қолайлы орын. Бақшаның барлық сәні мен салатанаты жарасқан.
Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР