15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Теріскейде алма бауды жайқалтып…

Бүгінде ОҚО Созақ ауданындағы жеке кәсіпкер Жұмагүл Нұрпейісова тасын өрге домалатып отырғандардың бірі. Мұнда бас аяғы 16 га жерде 20 адам жұмыс жасайды. Бақшалық басында аудан халқының бос уақыттарын тиімді өткізу, жазғы демалыстарын көңілді өткізу үшін құмдағы волейбол, бассейінде суға жүзуден жарыстар, эстафета, су добы ойындары тұрақты түрде өтіп тұрады. Былтырғы жылы тұңғыш рет су добынан аудандық алғашқы біріншілік өтті. Артынша жасөспірімдер арасында суға жүзуден аудандық сайыс өткізілді. Бассейін басында демалыс бөлмелері, дәмді асы мол халал асхана, тәтті сусындардың сан алуан түрлері келушілердің талғамына сай ұсынылады. Тамыз айының орта тұсында орталық базарға дәмі тіліңді үйірер жемістер келіп қолжетімді бағада сатылымға шыға бастайды. «Қолы қимылдағанның аузы қимылдар» деген осы болар. «Жатқанға берсең маған бер» деген қағида нарық заманында жүрмейді. Табыс тауып, көздеген мақсатыңа жету үшін тынбай еңбек ету керектігін ұғынар уақыт жетті. Біздің кәіпкерден он кеңес айдарымен аудан кәсіпкерлерін жан-жақты насихаттап наурыз айынан бастап тынбай аудандық басылым беттерінде жариялап жатқан себебіміз, кәсіпкерлік саланы бастасам деген ниетті азаматтар осы мақалаларды оқып, танысып, өзіне қажетті ақпараттарға қанықсын. Өзі асқақ арман тұтып жүрген бизнесті дамыту мақсатында өз кәсібін ашып, мол табысқа кенелсін дейміз. Ол өзіне де жалпы халыққа да жақсы болар еді. Біз Жұмагүл Әбубәкірқызынан жас кәсіпкерлерге айтар қандай ақыл-кеңесі барын білгіміз келді.
Расында, осы «Гүлғайша» алма бағының маңайында болсын, тау алқаптарында болсын бүгінде бос жатқан жерлерді игеріп саялы баққа айналдырамын дейтін азаматтар болса, келіп, көріп, танысып жақсыны көрмек үшін, одан соң «көз қорқақ қол батыр» деп тәуекелдің желқайығына мініп игі бастаманы қолдап қуаттап, іс бастап жатса тек қуанамыз.
Мақсат ҚАРҒАБАЙ,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР