15-04-2024
14.3 C
Шымкент

Пиязды да тамшылатып суаруда

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Қажымұқан ауыл округінде «Жаснұр» шаруа қожалығы 2,5 гектарға пияз егіп, оған тамшылатып суару әдісін қолдануда. Шаруашылық иесі Ә.Дәрмекбай өнімділік артқан жағдайда, тамшылатып суарылатын аймақты келешекте кеңейтетінін жеткізді. Бүгінде аталған өнім түріне сұраныс артқан. Тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, әсіресе жақын шетелдерден де сұраныс көптеп түсуде. Осыған орай осы шаруашылықтың пияз егетін аумақты көбейтуді көздеп отырғандар көп. Қазіргі таңда бұл ауылдық округте «Алуа» шаруа қожалығы — 2,5 гектарға, «Мұңайтпас» шаруа қожалығы 40 гектарға тамшылатып суғару  әдіспен бау егуді қолға алуда. Жұмсалатын су шығыны үш есе аз болатыны өз алдына, бұл технология тыңайтқыштарды да екі есе үнемдеуге жол береді екен. Сондай-ақ жұмысшы күшке де қажеттілік төмендейді. Яғни, атызды қолмен суаратын адамдар саны кемиді. Жердің тозуына жол берілмей, сорланудың алдын алады. Өсімдіктің түбі мен тамырына ғана су жеткізіледі. Сол себептен егістік алқапқа арамшөп аз шығады. Тамшылатып суарудың тиімділігі — өсімдік қорегін тұрақты алады және ылғалды жерде өседі. Ең бастысы өнімнің өнімділігі анағұрлым арта түседі. Тиімділігі орасан әдісті ордабасылық шаруалар кеңінен қолданып, басқа өнім түрлеріне де қолдануды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР