24-04-2024
22.3 C
Шымкент

Әдеп нормалары түсіндірілді

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы мемлекеттік қызметшілер арасында «Отанды сүю имандылықтан» тақырыбында семинар тренинг өтті. Аталмыш шара облысымыздағы мемлекеттік қызметкерлердің иммиджін көтеру, мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында жүзеге асырылуда.  Жиын барысында облыс әкімінің кеңесшісі, әдеп жөніндегі уәкіл Әмірбек Әлішев мемлекеттік қызметшілердің этикалық және имидждік нормалары, әдепетілік ережелері жөнінде баяндап, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талаптар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердегі психологиялық ахуалды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілерге олардың халықтың қызметшісі екендігін, сондықтан да адал қызмет ету қажеттігі жөнінде айтылып өтті. Мемлекеттік қызметкер әрдайым қарапайымдылық қағидаттарын ұстанса, ұтылмайтыны анық. Бұл жағынан алғанда білімді де білікті қызметкерлердің өзі қызмет ететін мекемесін ұятқа қалдырмайтыны анық. Бұдан өзге де көптеген мәселелер талқы таразысына салынды. Жиналыстан соң Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Әлішев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР