02-09-2021
26.3 C
Шымкент

Халықтың қызметшісі болу — абыройлы міндет

Мемлекеттік қызметшілер арасында патриотизм мен отаншылдық идеясын насихаттау, адамгершілік ұстанымын, тәртіп пен тәрбие жұмысын қолға алуымыз керек. Біз ешқашан адами құндылықтарды әспеттеуді ұмытпауымыз керек. Тіпті мемлекеттік қызметте барлық ғұмырын, жастық қызуын, жігерлі шақтарын өткізген азаматтарды білеміз. Бұл мереке барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге шығармашылық еңбекте үлкен шабыт беретіні, еңбек етуге деген құлшынысын арттыратыны шындық. Осы мейрам арқылы жоғарғы басшылық мем¬лекеттік қызмет¬керлерге деген көз¬қарасты түзеуді мақсат етіп отыр. Себебі халық-тың алдында мемлекеттік қызметкер¬лердің абыройын төмен¬детпеуіміз, билікті құрметтегеніміз, мамандығын мақтанышы санағаны болар еді. Аттестаттау рәсімдерін өткізу мемлекеттік қызметшілердің шын әлеуетін анықтау мақсатына бағытталған аса маңызды шара. Осы орайда, аудан бойынша 175 бірлік штатының нақты жұмыс істеп жатқан 166 қызметші бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидаларының 3 тармағына сәйкес 34 қызметші аттестаттаудан өтуден босатылған. Аталған Жарлыққа сәйкес ОҚО Созақ ауданы бойынша іс басындағы «Б» корпусының 132 мемлекеттік қызметшісі кешенді аттестаттаудан өтті. Оның ішінде: екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясынан — 22 және үшінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясынан – 110 мемлекеттік қызметші өтті. Алдағы уақыттарда да зор жауапкершілік салмағын арқалаған барлық мемлекеттік қызметкерлер әдеп пен білім, саяси сауаттылық пен өз ісіне деген біліктілік пен бейімде тәуелсіз ерліміздің дамуы мен қарыштап ілгерілеуіне жұмыс атқара беретін болады

Ахат БӘКІР

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР