16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Ардагерлер бас қосты

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында республикалық «Ардагерлер» ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтті. Шара республиканың Әнұранын орындауымен басталды.Салтанатты басқосуға аудан әкімі Т.Телғараев, облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің мүшелері Исмат Тұрсынқұлов, Байдулла Қонысбек, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев қатысты. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров баяндама жасады.Аудандық ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағалары Д.Мәмбеталиев, А.Төлепов, Ә.Мақсұтовтың ерен еңбектері жайлы айтылды. Сөзге шыққан аудан әкімі аудандағы 9500-дей ардагерге мықты денсаулық тілеп, ұйымның келелі істеріне ризашылығын білдірді.Қазыналы қарт атанған Б.Досанбаев, Б.Тасболтаев, М.Сарынбетов, Л.Рсынов, М.Керімқұлов, Б.Шетенов, Д.Есеналиев «Ардагерлер» ұйымының мерейтойына орай, « Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» төсбелгісімен, Қ.Сүлейменов пен Қ.Балапанов аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.  Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі И.Тұрсынқұлов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев бір топ ақсақалға Мақтау қағазын табыс етті. Жиында ардагерлер жастарға өз елінің патриоты болуға, отанын сүюге үндеді. Жарыссөзге шыққан Б.Қонысбек, Б.Шетенов және шарапханалық ардагер Р.Қаленов аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Т.БЕРДІҚҰЛ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР