16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Дін тақырыбы назардан тыс қалмайды

ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз отбасы» пилоттық жобасы аясында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы ауданымыздың білім саласы қызметкерлері және ұстаздармен кездесу өткізді. Аталмыш іс-шараға Қазақстан республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитетінің дін және мәдениет халықаралық орталығы директорының орынбасары Дуренов Жорабек Әбдімажитұлы, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитетінің исламдық бағыттағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы Қабылов Нұрғали Бердіқұлұлы мен ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитетінің ғылыми зерттеу сараптамалық орталығының ғылыми қызметкері Дуанаева Салиха Алмаханқызы қатысты. Іс-шара барысында пилоттық жобаның аясында дін мәселесіне қатысты маңызды сұрақтар талқыға салынып, түсіндірілді. Бүгінгі күні қылдан да нәзік мәселе –дін мәселесіне баса назар аударып қарамас а болмайтындығы анық. Сондықтан да әлеумет арасында дінге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізудің еш артықтығы жоқ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР