09-09-2021
25.3 C
Шымкент

Қанатқақты жобаның берері көп

ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты  Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз отбасы» пилоттық жобасы аясында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы «Сарыағаш» медресесі ұлдар қауымымен кездесу өткізді. Аталмыш іс-шараға ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитетінің исламдық бағыттағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы Қабылов Нұрғали Бердіқұлұлы мен ОҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теологы Рысбектегі Кенжебек қатысты. Іс-шара барысында пилоттық жобаның аясында дін мәселесіне қатысты маңызды сұрақтар талқыға салынып, түсіндірілді. Бүгінгі күні қоғамымызда ылаң салып отырған жат діни ағымдардан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді. Хақ дініміздің жолынан ауытқымау үшін діни сауатты болу қажеттігіне де баса назар аударылды. Өз кезегінде шәкірттер де көкейлерінде жүрген сан сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын ала алды. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР