19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Жастардың отбасын құруға дайындау

Мемлекет осы мәселені озық технологиялардың арқасында шешудің жолын қарастыруда. Соңғы он жылда елімізде экстракорпоральді әдіспен ұрпақ өрбіту ісі оң нәтиже беріп, 13 мыңнан астам ана нәрестелі болған. Бұл мәселе облыстық консультативті-диагностикалық медицина орталығында өткен семинарда талқыланды. Отбасы — әр адамның баға жетпес құндылығы. Сол себептен некеге тұрмас бұрын репродуктивтік денсаулықты сақтау мен отбасын жоспарлаудың барлық әдісін ескерген жөн. Қазақстан реуродуктивті медицина орталығының президенті Вячеслав Локшин жастардың жыныстық сауаттылығын көтеру арқылы белсіздік пен бедеулік ауруларының алдын алуға болатынын айтады.Вячеслав Локшин — Қазақстан репродуктивті медицина орталығының президенті «Өкінішке орай, қазіргі заманда отбасы асығыс құрылады. Жастар жыныстық қатынасқа түсіп, контрацепциядан хабарсыз болған соң, қаламаған жүктілікке тап болады. Содан бала бағуға әлі дайын емес жеткіншектердің амалсыз үйленулеріне тура келеді. Отбасын жоспарлау осындай қателіктерді болдырмауға бағытталған». Кездейсоқ адаммен жыныстық қатынасқа түсе салу, ер адамда да, әйелде де ұрық санының азаюына және түрлі қабынулардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Жалпы, соңғы он жылда ерлер ұрығының белсенділігі отыз пайызға төмендеген. Дәрігерлер егер жағдай осылай жалғаса берсе, алдағы уақытта бедеулік мәселесі бірінші орынға шығатынын ескертеді. Бұл әйелдердің өмірге ұрпақ әкелу мүмкіндігінен айырады. Перзент сүйгеннің өзінде  туабітті кемтар баланы бауырына алмасына… ешкім де кепіл бола алмайды. Экстракорпоральді жолмен ұрпақ өрбіту  еліміздегі бала сүю бақытынан айырылған отбасылардың  мәселесін түбегейлі шешпегенмен, бірқатар шаңырақта сәби күлкісінің естілуіне септігін тигізуде. Бұл жүйе кепілдендірілген тегін медициналық қызметтің түріне енген жағдайда, көптеген отбасы қуанышқа бөленері сөзсіз.

САТТАР Есімбеков                                                                

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР