02-04-2022
11.3 C
Шымкент

Әлеуметтік туризм дамиды

«Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік туризмнің дамуына үлес қосу». Облысымызда осындай атаумен жаңа жоба қолға алынбақ. Ерікті азаматтар игі бастаманы тез икемдеп кетуі үшін қажетті қаржы да қарастырылған. Бастама аясында  белсенділер  өңірдің туристік орындарындағы әлеуметтік мәселелерге ден қояды.   Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауды үйлестіреді.  Арнайы орындарға  пандустар орнатып, барлық амалдардың қолжетімді болуын қадағалайды. Қазір «Юнисеф» қоғамдық қорының жаңа бастамасы үшін ҚР Тұңғыш Президенті қорынан 1,5 миллион теңге қаржы бөлінген.  Бұл соммаға еріктілер облыстың 30 шақты туристік орнын  аккредитациядан өткізеді.  Яғни, жағдайды бағамдайды.  Қажеттілігіне қарай  сол аймақтарға пандустар қойып, әлеуметтік орындар салады. Өз кезегінде бұл әлеуметтік көмекті қажет ететін жандарға үлкен көмек болары сөзсіз. Бұрын соңды өңірімізде қолға алынбаған жобаны қолдаушылар басым. Алдағы уақытта жүзеге асырылған соң жоба жемісті болар сөзсіз. Әзірге өзге өңірлерде баламасы жоқ жобаны қолдаушылар басым. Әлеуметке көрсетер көмегі көп жобадан күтеріміз де мол.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР