02-09-2021
23.3 C
Шымкент

Жаз жайнатып, күн күлдіріп…

ОҚО Мақтарал ауданының білім бөлімі балалардың оқу уақытын ғана емес, жазғы демалысын да мейлінше тиімді өткізуге мүдделі. Мамандар осы мақсатта арнайы іс-шара ұйымдастырды. «Су патшалығындағы» сауықтыру мерекесіне 60-тан астам жасөспірім қатысып, әрқайсысының тұлғалық-шығармашылық потенциалын дамытуға жағдай жасады. Судағы спорт мерекесі «Акварай» бассейнінде болып өтті. Балалар жүзе жүріп, түрлі ойындарға белсене қатысты. «Шығыршық сүңгуір», «Су перісі» эстафеталық  ойындары оларды ептілікке, шапшаңдық пен салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді. Сайысқа 11-12 жас аралығындағы үйірме мүшелері қатысып, берілген тапсырманы жарыса орындады.  Ауданда 5 жылдан бері балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 20 шақты үйірме бар. Оған 100-ден астам бала қатысып, шығармашылық қабілетін дамытып жүр. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы алдағы уақытта қатысушылармен бірге тарихи мекендерге сапар шекпек. Туризм және өлкетану бағытындағы бөлім Түркістан, Шымкент, Сайрам қалаларына саяхат ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

АЙЖАН Әшірхан                         

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР