25-04-2024
18.3 C
Шымкент

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті

10 жылға созылған Ауған соғысы халқымыз үшін оңайға соқпағаны анық. 22 мыңға жуық отандасымыз сұм соғыстың куәгері болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы  Түркістан гуманитарлық колледжі студенттерінің Ауған соғысы ардагерлерімен өткен кездесуінде айтылды. Рухани астанада Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру  жарасымды үрдіске айналған.  Қала аумағындағы 70-ке жуық білім ұясы үшін бұл – жетелі іс.  «Жастар батыр ағаларының өнегелі өміріне қарап, өжеттенеді», — дейді ұстаздар қауымы. Ұйымдастырылған кезекті шара да  өз деңгейінде өтті. Студенттер көкейдегі сан сауалына жауап алды. Саясаттың бағыты дұрыс болмаса,  жазықсыз жандардың  зиян шегетінін түсінді.  Айту керек,  1979 жылы қақаған қысқа қарамай, басталған мақсатсыз Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Оның 761-і жат жерде қаза тапты.  Қанды даладан аман оралғандарының өзі – мүгедек.  Бүгінде Түркістан қаласында 211 ауған соғысы ардагері бар. Оның 85-і  мүлдем денсаулығынан айырылған. Өз кезегінде ардагерлер өз Отанын сүюге, елінің шынайы патриоты болуға шақырды. Мұндай кездесулерден студенттердің көп ой түйері анық.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР