06-09-2021
17.3 C
Шымкент

Ел табысын еселеу үшін…

Енді еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру ісіне өңірлердегі ауыл шаруашылығы бөлімдері араласатын болады. Ал, кәсіп ашамын дегендерге қаржы беретін ұйымдар ауылдарға барып, жұмыс жүргізеді. Бұл туралы бүгін облыс активімен кездескен еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдедіБүгінгі жиынның негізгі мақсаты мынау: халық арасындағы жұмыссыздықты жойып, ел табысын еселеу. Сол үшін шараға барлық аудан-қала әкімдері мен азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс бөлім және кәсіптік колледж басшылары шақыртылған. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында өткен басқосуда биыл қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің жаңа бағдарламасын» жүзеге асыру жайы талқыланды. Біржан Нұрымбетов – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі «Бұл алдыңғы халықты жұмыспен қамту бағдарламасының заңды жалғасы»….Статистикаға сүйенсек, қазір облысымыздағы жұмыссыздар қатары 140 мыңнан асады. Одан бөлек, ешқандай білімі жоқ, бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған 322 мың азамат бар. Жаңадан құрылған бағдарлама сол жандарға кәсіби білім беруді көздейді. Іс бастағысы келетіндерге де қаржылай қолдау көрсетеді. Айта кетерлігі, енді несиелендіру жұмыстары барынша жеңілдейді. Біржан Нұрымбетов – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі «Бұрын азаматтар несие алу үшін аудандарға баратын болса, енді қаржы ұйымдары ауылдарға барады. Ол үшін мемлекет субсидия беретін болады.» …Қазір Қзақстан әлем бойынша еңбек нарығы тұрақты елдер тізіміне енген. Ресми мәлімет бойынша біздегі жұмыссыздық көрсеткіші 5 пайыздан әрі аспайды. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ, республикада орта табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жетерлік. Енді билік осы санаттағы жандардың табысын еселеуді көздеп отыр. Ол үшін әрбір сала өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР