05-09-2021
22.3 C
Шымкент

Ұлт саулығы үшін еңбек еткен ұтылмайды

Денсаулық – зор байлық. Бұл ретте адам жанының арашасы ақ желеңді абзал жандардың еңбегі өлшеусіз. Жылына бір рет тойланатын кәсіби мерекеде Қазығұрт дәрігерлерінің де мерейі үстем болды. Бұл күні саладағы антына берік қызметкерлер айрықша құрметке бөленді. Бас ауырса, балтыр сыздаса, дәрігер дәрі береді. Көмекке келеді. Шыбын жанымызға араша түседі… Қоғамды бұл саланың білгірлерінсіз елестету, әсте мүмкін емес.  Айгүл Аханғазиева — ел саулығы үшін еңбек етіп жүрген сондай жандардың бірі. Оның жауапкершілік жүгі ауыр салада тер төккеніне талай жыл. Білікті дәрігер бүгінде аудандық емханаға басшылық етеді. Ал, Данияр Әлтенов – Оңтүстік Қазақстан облыс Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылдық дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері.  Айтулы мерекеде оған  «Денсаулық саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі тағылды. Бұл — ұлт саулығы үшін төккен тердің өтеуі. Еселі еңбектің қайтарымы.  Дәрігер — жан мен тәннің емшісі. Адам бойындағы ауруды ауыздықтауда кейде ақ халаттылардың бір ауыз жылы сөзі де емге дауа. Білім-білігі өз алдына, жүзінен шуақ шашқан жандарға  қашан да ел ықыласы жоғары.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР