19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Отандық өнім қазақша атаумен шыға бастады

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан шығатын Отандық өнім бұрынғыдай «KORE» деп емес, компания атауымен шыға бастады. Дүкенге, базарға барсаңыз, ендеше, «Әлем БТ»-ның шұлығы деп сұрарсыз…   Қазақстанда жасалған «Әлем БТ» шұлықтары. Отандық өнімнің бұл түрін кез-келген базар нүктелері мен сауда орталықтарынан табуға болады. Кәсіпорын бүгінгі таңда аяқтан нық тұрған. «KORE» таңбасындағы шұлықтар нарықта өз бағасын алды. Айжан Наурызбаева – Тұтынушы «Мен қазақстандық өнімді адғаш рет қолданып тұрмын. Сапасы бір қарағанға жақсы сияқты. Балаларыма және өзіме алдым»…..«Әлем БТ» шұлықтары  100 пайыз мақта өнімінен жасалады. Синтетикалық қоспасы жоқ. Ұзақ кигенге шыдас береді. Шұлықтар Оңтүстік Кореядан әкелінген қондырғылармен тігіледі. Сондықтан, сапасы да сол дамыған елдің дәрежесінде шығады. Айта кету керек, тауарды қазір аламын деушілер ақшасын біраз үнемдей алады. Себебі, Жаңа шаһар ауданындағы «Баян сұлу» сауда орталығында  шілде айының соңына дейін жеңілдетілген бағамен сатылды. 2015 жылдың желтоқсан айында жұмысын бастаған кәсіпорынның, осылайша, күн санап ісі жанданып келеді.  Отандық өнім республиканың түкпір-түкпіріне, тіпті, шет елдерге де экспортталады. Жылына 20 млн. жұп шұлық шығарады. Жаңа атау кәсіпорын жұмысына да жаңа серпін бермек.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР