20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін…

Күн ысыған сайын жұқпалы аурулар да күшіне мінуде. Оның ішінде сарып пен кенеден келетін кеселдер адам денсаулығы үшін аса қауіпті. Осыны ескерген Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданының ветеринарлары энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша жұмыстарын ширатты. Мамандар қаңғыбас ит-мысықтарды аулап, тиісті шаралар қолдануда. Түлкібас – егін және мал шаруашылығын өркендеткенге қолайлы аудан. Сондықтан, тұрғындардың басым бөлігі осы бағытта еңбек етеді.  Қазір елдімекендерде мал басын түгел ұстау үшін үй жануарларына жаппай екпе жасалуда. Ем-шара құтыру,  аусыл, Сібір жарасы, күл және құрт ауруларына қарсы бағытталған.  Мамандар профилактикаға қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде, — дейді.«Энзоотиялық» аурулардың алдын алу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Аудандағы 53 580 бас малдың бүгінде 33 314-і залалсыздандырылған. Бұл жалпы көрсеткіштің 62,0 пайызын құрайды. Сондай-ақ, ауданда ағымдағы жылы Келтемашат, Арыс, Ақбиік, Мичурин, Жабағылы ауылдық округтеріне 5 беккери шұңқыры салынды.Ағымдағы  жылы ауданда 4400 қаңғыбас ит-мысықты аулап, жою жоспарланған.  Мамандар  бүгінге дейін меженің тең жартысын орындап үлгерді.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР