test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Зиялы қауыммен кездесу өтті

Облыстық «Отырар» ғылыми- әмбебап кітапханасында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлттық сананы жаңғырту» тақырыбында елімізге белгілі қазақ ақын-жазушыларымен кездесу өтті. Кездесуге жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы Мереке Кұлкенов, ақын, Халықараралық «Алаш» сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Жазушы» баспасының директоры Есенғали Раушанов, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Жүсіпбек Қорғасбек, «Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы сынды қаламгерлер қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын қалың бұқараға жеткізіп, кең көлемде насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараны облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ашып, жүргізіп отырды. Рухани кездесуге облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, оқу орындарындағы «Достық» клубтарының мүшелері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара аясында қаламгерлер шығармашылығын насихаттауға арналған «Ұлттық сананы жаңғырту» атты кітап көрмесінің таныстырылымы ұйымдастырылды. Қоғаммен жан-жақты байланыс орнықтырып, тұрғындармен еркін пікір алмасу алаңын ұсынып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға көпшілікті жұмылдыра отырып, осындай игі іс-шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР