test
08-07-2024
29.3 C
Шымкент

Толағай табысқа жеткен оқу орны

Оңтүстік өңіріне алыс Ұлыбритания елінен қуанышты хабар келіп жетті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдеп, «QS World University Rankings» Халықаралық Агенттігінің рейтінгінде әлемдегі 5000-нан астам университеттер арасында 108 сатыға көтеріліп, 513 орынды иеленді. Бұл әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары арасындағы бәсекеде қол жеткізген үлкен мәртебе, яғни бұл Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері жоғары оқу орындары арасындағы озық жетістік болып табылады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымын айтулы жетістігімен құттықтаймыз және оқу орны алдағы кезде де Елбасы қойған асқаралы міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру жолында, заман талабына сай келетін жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші орталық ретінде өзіне жүктелген жауапкершілік пен сенім үдесінен көріне біледі деп санаймыз. Облыс орталығындағы №1 оқу орны саналатын оқу ордасы осы уақытқа дейін талай шәкіртін топшысын қатайтып, томағасын сыпырып, биіктерге самғатты. Олардың қатарында бүгінде шетелдерде елеулі қызмет атқарып жүргендер жетерлік. Жоғары технологиялы оқу үдерістерінен тыс қалмай шәкірттеріне саналы тәрбие, сапалы білім беруде әрдайым асығы алшы. Алдағы уақытты аталған оқу орны бұдан да биік жетістіктерге жететіні анық.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР