06-04-2022
15.3 C
Шымкент

Қазығұрт жолы жаңартылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының тұрғындары  енді тозығы жеткен жолмен жүріп, мезі болмайды. Себебі, жол құрылысына облыс қазынасынан 389 миллион теңгедей қаржы бөлінген. Оған 5 шақырым жерге асфальт төселеді. Ақжолтай жаңалық аймақ тұрғындарының жүзіне қуаныш үйірді. «Ақбура» күмбезі Қазығұрт тауының баурайында орналасқан. Киелі мекенге зиярат етіп келушілер саны күн сайын артуда. Тозығы жеткен жолмен шақырым жүріп, шаршайтын олар жолдың жарамсыздығын айтып, шағымданады. Енді, бұл мәселеге түбегейлі шешілмек. Жол құрылысының сапасына «Сити Строй» ЖШС-і жауапты. Мекеме басшылығы ауылдағы 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Техника талапқа сай. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйегінде толық аяқталады деп жоспарлануда. Қазір аудан аумағындағы жолдардың 56 пайызы ғана жүруге ыңғайлы. 2017- 2018 жылдары бұйыртса, 63 жолды қайта құру, күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Тақтайдай түзу жолдармен жүйіткитін күндер де алыс емес. Сапалы жөндеуден өткен жолдар ауыл аймақтың ажарын арттырары сөзсіз. Алдағы уақытта ауыл мен ауыл арасын жалғайтын жолдарды жөндеу де жоспарда бар.

ДИДАР Өмірзақова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР