05-09-2021
36.3 C
Шымкент

ЕЫҚҰ өкілдері – Түркістанда

Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында болды. Аталмыш ұйымның Парламенттік Ассамблея төрайымы Кристин Муттонен бастаған топ алдымен, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне аялдады. Еліміздегі тарихи мекеннің негізгі орнын аралап көрген ұйым өкілдері барша қазақстандықтарға, оның ішінде оңтүстік жұртына шынайы ризашылығын білдірді. Дүние жүзінің барлық елдерінен келген қонақтар алдымен бас сұғатын қасиетті мекеннің ерекшеліктерін тамсанды. Ондағы құнды жәдегерлердің тарихымен танысып шықты. Түркі дүниесінің отаны саналатын Түркістандағы өзге де тарихи орындарда болды. Ең алдымен оңтүстік жұртының қонақжайлылығына алғыстарын жаудырды. Басқосуда қала басшысы аймақтың тыныс тіршілігін сөз етіп, туризм саласын дамытудағы әлеуетін екшеді. Және де сапар мақсатына орай, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым екенін ерекше атап өтті. 56 мемлекеттің басын қосып отырған ұйымға қатысушы мемлекеттерді ортақ құндылықтар мен мақсаттар біріктіретіні жөнінде өз ойын білдірді.

П. Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР