19-04-2024
21.3 C
Шымкент

ОҚО -да алғаш рет «Хакатон» марафоны басталды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында компьютерлік ақпарат-бағдарламасын әзірлеуші мамандардың «Хакатон» марафоны бастау алды.Шараға студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен түрлі деңгейлі ІТ мамандардан құралған 50 адам қатысуда. Марафон шарты бойынша, қатысушылар өздерінің жеке өздеріне тиесілі бағдарламасын түзіп, оны тікелей тапсырыс берушінің алдында таныстыруы керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – дайын ІТ-жобасына қол жеткізу. Ұйымдастырылып жатқан марафон  бәсекеге қабілетті жастарға жол сілтейді. Бұл жерде  ақпараттандыру, ақпараттық технологиялар саласындағы жастар, дизайнерлер, жүйенің жобалаушысы, сондай-ақ, мобильдік  қосымшаның негізін қалаушылар  қатысып, бақ сынайды. Үміткерлердің жасы 17-30 жас аралығында болуы тиіс. Бүгінгі  шараға құрамында 50 мүшесі бар 15 топ 20 жоба ұсынып отыр. Расында, үздік идея іс-тәжірибе жүзінде көрінеді. Ал үміткерлердің жұмыстарын арнайы бекітілген қазылар алқасы яғни құрамында ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт, ӘКК төрағасы Әбілсейіт Рабаев пен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің өкілдері мен кәсіпкерлер жасағы қадағалап отырды. Жеңімпаздарға арнайы сый-тарту қоры қарастырылған. Мәселен, 1-орынға – 1 миллион теңге, 2-орынға – 500 мың теңге. Ал 3-орынға 250 мың теңге тапсырылады. Серікжан Көмеков – «IT-Start» компаниясының өкілі «Мұнда  біздің келу мақсатымыз — біздің қазіргі таңда қаладағы көптеген проблемалар яғни, қоқыстардың реттелмей жатқандығы, олардың бәрін әкімшілік  шешіп жатыр. Оны жоғарыдағы ағаларымыз үлгермей қалуы да мүмкін. Бұған біз көмектесу үшін өзіміздің мобильді бағдарламамызды  даярладық. ОҚО-ның Шымкент қаласындағы барлық  проблемаларды шешуге арналған бағдарлама» .

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР