07-09-2021
19.3 C
Шымкент

Мемлекеттік қызмет үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында мемлекеттік қызметке араласып, елге жақын еңбек еткісі келетін жастар бос лауазымдар жәрмеңкесіне қатысты. Шарада 20 бос жұмыс орны ұсынылды. Қатысушылардың ұзын ырғасы — 50-ге тарта. Соның 15-і жаңа жұмысқа жолдама алып, еңбек нарығындағы белсенділіктерін байқамақшы. Халықты жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың бірден-бір тетігі. Сондықтан да елімізде әлеуметтік бағыттағы бірнеше жоба қолға алынған. Сол игіліктердің шарапатын осындай жәрмеңкелер арқылы Түркістан жастары көрмекші. Жергілікті билік бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу арқылы кадр резервін сауатты мамандармен толықтыруға мүдделі. Дәл осындай жәрмеңке арқасында жұмысқа орналасқан жастың бірі – Ерсұлтан Амангелдіұлы. Былтырдан бері жұмыссыз проблемасын ұмытты. Қазір Түркістан халқының 5 пайызы – жұмыссыз. Табыс кілтін тапқандарының өзі мезгілдік жұмыстармен қамтылған. Жергілікті билік ауыл шаруашылығы кооперативтерін біріктіру арқылы тағы бірқатар жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді. Осылайша күн ұзаққа созылған жәрмеңкеде 15 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды. Тағы 20-дан астамы келісімшартқа қол қойды. Сала мамандары бұған дейін 30 жас маманның диплом ала сала «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа жолданғанын айтады.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР