06-09-2021
17.3 C
Шымкент

«ЭКСПО» көрмесі кезінде ОҚО-на 100 мың турист келеді

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі кезінде ОҚО-на  100 мыңнан астам шетелдік турист келеді. Бұл көрме қызығын тамашалайтын қонақтардың 15 пайыздайын құрайды. Түстік тынысымен танысуға келетіндер үшін 3-5 күндік турлар ұйымдастырылады. Ол жұмыстарды жүзеге асыруға біздегі төрт тур агенттік келісімге келген. Алдын ала болжам бойынша біздің өңір ЭКСПО қонақтары көп келетін үшінші аймақ саналады. Ресми мәліметке сәйкес, мейман күтуден көш басында Көкшетау тұр. Одан кейін саяхатшылар ару қала Алматыны тамашалауға ниет білдірген. Бүгінде біздің өңірге келетін қонақтарды жақсы қарсы алып, шығарып салу үшін келісімге келген компаниялар соңғы дайындықтарын пысықтауда. Жасұлан Төлебеков – «Оңтүстік» туризм орталығының директоры «4 туристік фирма қол қойған. Олар оңтүстіктің көрнекті жерлерін көрсетеді. Әр туристік компанияда гидтері бар. Ағылшын, қытай тілін білетін. Оларға маршруттарды бекітіп берген. Сол маршруттармен туристерге қызмет көрсетеді». Турагенттік көмегінсіз, өзі келген туристер де далада қалмайды. Оларға еріктілер жасағы қызмет көрсетеді. Бұл топтағы белсенділер де барын салып, дайындалуда. Ғалымжан Ілиясов бірнеше тілді біледі. Онысы көрме қарсаңында кәдеге жарап тұр. Ерікті ретінде тіркелген жас қазір облыстағы тарихи орындар туралы ақпараттарды жинап, танысып жүр. Ондағы ойы — келген қонақтарға тек өңір кереметін ғана көрсетіп қоймай, облыс тарихы жайы да мол мағлұмат беру. Ғалымжан Ілиясов – Ерікті «Біз бұған дейін Түркістанға барып Қ. А. Яссауи кесенесінің тарихымен танысып мол мағлұмат алдық. Туристерге облыстың тарихын кеңінен таныстыру мақсатындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Ал, өзіміздің білімізді жетілдіріп отыру үшін осында ерікті жастар үнемі бас қосып отырамыз.» Мамандар «ЭКСПО» барлық облыстың әлеуетін арттырып,  туристік тартымдылығын күшейтетін шара деп біледі.  Көрме аясында түстік облысқа келетіндердің дені турларын шілденің екінші жартысына жоспарлағанын айтады.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР