19-04-2024
21.3 C
Шымкент

Ел ертеңі мемлекеттік қызметішінің адал еңбегімен байланысты

Mаусымның 23-і — мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Осыған орай облыстық мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығының мамандары арнайы семинар ұйымдастырды. Жиында жұмыспен қамту, жер дауы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Басқосуда облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары  Алтынбек Мырзаев  Елбасы қолдауымен жүзеге асып жатқан «Электронды Үкімет» порталының маңыздылығын айтты. Жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды тіркеу істерінің электронды жүйеге көшуі, өз кезегінде рәсімдеу шараларын түбегейлі жеңілдетті. Кедергілерді жойып, құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды болдырмауға да көп септігін тигізіп отыр.Айта кетейік, елімізде 90 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 49 мыңнан астамы — нәзік жандылар. Ел сенімін ақтап, абыройын асқақтату жолында мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктелген.Мемлекеттік қызметтің ел алдындағы аса абыройлы да жауапты іс екені белгілі. Мемлекет басшысы ширек ғасырда қоғамның қалыптасу бағытында ауқымды істер атқарып, қазіргі әлеуеті жоғары, экономикасы қалыптасқан, дамыған мемлекеттермен иық тіресетіндей жағдайға жеткізді. Қазақстанның осы жолдағы қарышты қадамы мем­ле­кет­тік қызметкерлердің ерен еңбегімен бағаланады.

САТТАР Есімбеков    

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР